Республикалық «Ділмар» байқауының қорытындысы

Республикалық «Ділмар» байқауының қорытындысы

Ұлттық бірегейлікті сақтау идеясын жүзеге асыру аясында Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қоры мен Абай атындағы республикалық мамандандырылған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты 2021 жылғы 25-26 қараша күндері Алматы қ. аталған білім мекемесінде өткізілген мемлекеттік тілде оқытылатын жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында бірлесіп өткізген ІІІ республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауында 22 талантты оқушы бағын сынады.  

Шара мақсаты: мектеп оқушылары арасында шешендік өнерді насихаттап, кітап оқуға, бабалар мұрасынан терең ғибрат алуға, шешен сөйлеуге бағыттау.

Павлодар облысынан байқауға өңірлік кезеңінің жеңімпазы – дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясының 11 сынып оқушысы Жанатова Асем қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша оқушымыз І орынға және ақшалай сыйақысына ие болды.