«Мектепке дейінгі мекемелерде ақылы білім беру қызметін ұйымдастыру және ұсыну» тақырыбындағы облыстық семинар

«Мектепке дейінгі мекемелерде ақылы білім беру қызметін ұйымдастыру және ұсыну» тақырыбындағы облыстық семинар

Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы мектепке дейінгі білім беру педагогтер қауымдастығымен бірлесе 2021 жылғы 24 қарашада мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары үшін «Мектепке дейінгі мекемелерде ақылы білім беру қызметін ұйымдастыру және ұсыну» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырды.
Семинарда Павлодар облысының мектепке дейінгі және орта білім беру бөлімінің бас маманы Галия Сагындыковна Байдалина ҚР Білім беруді дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын орындау мақсатында бейіндік мектепке дейінгі білімі бар педагогтер үлесінің көрсеткіштері туралы мәлімдеді.
Семинар барысында Павлодар педагогикалық университетінің ҰАО, ПМПУ, «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогикасы» білім бағдарламасының жетекшісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Жапарова Баглан Магауовна мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтерін дуальды оқытудың алғашқы тәжірибесімен таныстырды.
Сартова Амина Уахитовна Ақсу қаласының «Балапан» сәбилер бақшасың басшысы қосымша ақылы қызметтерді ұйымдастыру туралы жетекшісі тәжірибесімен бөлісті.
Павлодар қаласының №84 сәбилер бақшасы басшысының міндетін атқарушы Кристина Борисовна Симушкина білім беру сапасын арттыру факторы ретіндегі негізгі және қосымша білім берудің интеграция.
Екібастұз қаласының «№6 с/б көптілді дамыту орталығы» КМҚК тәрбиешісі Светлана Ивановна Баева мектепалды жастағы балалардың ойын технологиялары арқылы зияткерлік қабілеттерін дамыту туралы қысқаша түсіндірді.
Павлодар қаласының №51 сәбилер бақшасының басшысы Жанмарал Какауовна Махметова мектепке дейінгі ұйымдағы қосымша қызметтер қызметінің ұйымдастырушылық мәселелерін көтерді.
Сондай-ақ, Ақсу қаласының «№10 сәбилер бақшасы» КМҚК басшысы Елена Николаевна Мазур коммуналдық кәсіпорын жағдайында ақылы білім беру қызметін ұйымдастыру тәсілдеріне қысқаша шолу жасады. Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға әдістемелік ұсынымдар берілді.