«Мектепішілік бақылау. Заманауи көзқарас» - вебинар

«Мектепішілік бақылау. Заманауи көзқарас» - вебинар

Павлодар ауданының білім беру бөлімі мен «Павлодар қаласының "Дарынды балаларға арналған №3 гимназиясы" ММ арасындағы өзара ынтымақтастыққа байланысты және жоспарға сәйкес мектеп директорының бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары Инна Федоровна Назарова «Мектепішілік бақылау. Заманауи көзқарас» тақырыбында вебинар өткізді.
Шеберлік сағатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 16 қыркүйектегі № 472 бұйрығына сәйкес қазырғы заманғы мектепішілік бақылау жоспарының мазмұны, мектепішілік бақылаудың өзара байланысы және нормативтік құжаттары туралы мәселелер қарастырылды. Вебинарға Павлодар ауданының мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.