2021 жылғы 1 қарашадан 4 қарашаға дейін Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында еңбек өтілі 5 жылдан артық емес жас мұғалімдердің арасындағы республикалық «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті.
Павлодар облысы атынан 5 педагог қатысты.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша 4 қатысушы жеңімпаз және жүлдегер атанды.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің ІІ дәрежелі дипломдарымен: Аққулы ауданының Лебяжі жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Бердімұрат Сайфулин, Ақсу қаласының №8 жалпы орта білім беру мектебінің педагог - психологі Жакубалдина Бикен Балтабековна марапатталды.
ІІІ дәрежелі дипломмен Павлодар қаласының № 49 санаторлық сәбилер бақшасының тәрбиешісі Асенова Асия Дуйсенбаевна марапатталды.
«Республикалық «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасында қол жеткізген ерекше жетістіктері үшін» номинациясына Павлодар қаласының № 17 жалпы орта білім беру саралап оқытатын бейіндік мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Хашим Махсатгуль иеленді.
Олимпиаданың барлық қатысушыларына республикалық «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасына қатысқаны туралы сертификаттар табысталды.
Құттықтаймыз!