"Бояулар құпиясы 2021"

"Бояулар құпиясы 2021"

ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру орталығы қазан айының басында ұйымдастырған "Бояулар құпиясы 2021" республикалық қашықтықтан өткен байқауында Павлодар облысының 3 жүлдегерінің есімдері өткен аптада белгілі болды. 10-13 жас аралығында "Менің Отаным - Қазақстан" номинациясы бойынша Баянауыл өнер мектебінің оқушысы Мүслима Берікбай 1-орынға ие болды, жетекшісі Ғалия Даирбекқызы Жарова. 14-17 жас санатында Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебі - ЮНЕСКО клубының оқушылары 2-3 орын алды : Азиза Бауыржан, 14 жаста - "Менің Отаным - Қазақстан" номинациясы бойынша 2 орын, жетекшісі Светлана Евгеньевна Рейн. Юлия Пайчук, 16 жаста, "Сүйікті кітапқа суреттеме" номинациясында 3 орын, жетекшісі Дария Карангуровна Батмаева.
Әр облыстан, барлық облыстық турлардан өткен 8 адам қатысты.
Байқау қашықтық форматта өткізілді, балалар жұмыстарын бейнекамералардың жіті бақылауымен орындады.
Байқау Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды. Кескіндеме және графика техникасында жоғары шеберлікпен орындаған жұмыстарында біздің қатысушыларымыз бұл тақырыпты өте жақсы жеткізе білді.