"Баянауыл аңыздарының ізi"

"Баянауыл аңыздарының ізi"

Құрамында студенттер Хайрат Айтолқын, Жанагулова Дана, Кондрашова Софья, Парсан Арайлым бар "Павлодар сервис және тамақтану колледжі" командасы мәдениет және спорт министрлігінің, сондай-ақ "Каzakh То urіѕм" ҰК АҚ қолдауымен ЮНЕСКО Қазақстан қамқорлығымен туристік маршруттарды әзірлеу бойынша жобаға қатысты. Байқау қорытындысы бойынша Қазақстанның барлық аймақтарынан келген 178 командадан колледж командасы "Баянауыл аңыздарының ізі" туристік маршрутымен жоба жеңімпаздары қатарына енді. Жобаның жетекшісі колледж атынан бірінші санатты тарих мұғалімі Сулейменова Гульстан Сапаргалиевна, жобаны әзірлеуге қазақ тілі оқытушысы Бейсенова Сандыгуль Толеубаевна белсенді көмек көрсетті. Гүлстан Сапаргалиевна мен колледж студенттері "Жастар және мұра" республикалық білім беру-практикалық жобасының жеңімпазының дипломымен марапатталды.
Жоба ұйымдастырушылары жеңімпаздарға Алматы-Шымкент-Түркістан-Тараз бағыты бойынша сапар ұйымдастырды, оның барысында студенттер Қазығұрт шатқалына, ежелгі Сайрам қалашығына және Оңтүстік Қазақстанның басқа да қызықты және әдемі жерлеріне барады.