Павлодарлық оқушылар қазақ батырының ерліктері туралы эпос үшін 200 мың теңге ұтып алды

Павлодарлық оқушылар қазақ батырының ерліктері туралы эпос үшін  200 мың теңге ұтып алды

Павлодар облысында «Тұлпар мініп, ту алған!» атты байқаудың республикалық кезеңі 6 - 10 сынып оқушылары арасында басталды. Оқушыларға 50 беттен астам Едіге батыр туралы эпосты жаттап алу ұсынылды. Едіге батыр-Алтын Орда кезеңіндегі негізгі тұлғалардың бірі, бас қолбасшы, мемлекет мүддесін қорғаған батыр. Қатысушылар эпостың көлемді мәтінін біліп қана қоймай, қазақ тілі, әдебиет және тарих бойынша сұрақтарға дайындалуға, Алтын Орда кезеңіндегі тарихи оқиғаларға қатысты сұрақтарға жауап беруге, поэмада кездесетін ежелгі сөздердің мағынасын түсіндіруге, қазақ әдебиеті бойынша оқу бағдарламасы негізінде әзірленген сұрақтарға жауап беруге тиіс.

Байқау мектепішілік, аудандық (қалалық), облыстық және республикалық кезеңдерден тұрады. Байқау Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған және облыста «Nur Otan» партиясы облыстық білім беру басқармасымен және «Qazaq Epos» ҚҚ-мен бірлесіп өткізіледі. Жоба жетекшісі Арман Абдоллаев.

Байқаудың мектепішілік кезеңіне 2021 жылғы 10 қазанда Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 200-ден астам оқушысы қатысты. Мектепішілік кезеңнің қорытындысы бойынша 58 оқушы қалалық кезеңге қатысуға жолдама алды. Байқаудың қалалық кезеңінің жеңімпаздары Павлодар қаласы мектептерінің 2 оқушысы болды.

I орынды № 19 ЖОМ 6 сынып оқушысы Тұрысбекова Азалия иеленді және ол 150 000 теңге жүлдеге ие болды. Ол «Едіге батыр» эпосын жатқа мәнерлеп, жақсы орындап, Алтын Орда мемлекетінің тарихи оқиғаларына қатысты барлық сұрақтарға жауап бере алды. Оның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шолпан Түсіпқызы Сұлтанаева.

III орынды № 30 ЖОМ 8 сынып оқушысы Айдын Айман иеленіп, 50 000 теңге жүлдеге ие болды, ол сондай-ақ «Едіге батыр» эпосын жатқа орындады, қазақ әдебиеті бойынша оқу бағдарламасы негізінде әзірленген барлық сұрақтарға жауап берді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нагам Айсұлу.

Жеңімпаздарды марапаттауға Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Светлана Гладышева қатысты. Жеңімпаздар 2021 жылдың 8 қарашасында байқаудың облыстық кезеңіне қатысады.