Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша дөңгелек үстел

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша дөңгелек үстел

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» жұмыспен қамту және балалар дарындылығын дамыту орталығы «KAISAR KZ» ҚБ-мен бірлесіп 2021 жылғы 18 қазанда «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

«Дөңгелек үстел» жұмысына «KAISAR KZ» ҚБ төрайымы А. З. Қозбаева, Солтүстік полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі аға инспекторы А. А. Сабитова, № 4 емхананың акушер-гинекологы А. Б. Бутаканова, № 15 ЖОМ педагог-психологы А. А. Хамитова, сондай-ақ қала мектептерінің оқушылары қатысты.

Іс-шараға қатысушылар жасөспірімдермен алдын алу жұмысына, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігі мәселелері бойынша ата-аналармен жұмыс мәселелеріне тоқталды.

Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор жасөспірімдер көбінесе олардың сенімі, қызығушылығы, ұқыпсыздығы нәтижесінде қылмыстың құрбаны болатынына назар аударды.

Акушер-гинеколог ерте жыныстық өмірді бастаудың салдары туралы түсінік берді.

Мектеп психологы «Жасөспірімдердің сенімді мінез-құлқын қалыптастыру» атты тренинг өткізді. «Дөңгелек үстел» соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.