Педагог-психологтардың шығармашылық топтарының қызметі

Педагог-психологтардың шығармашылық топтарының қызметі

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті 2021 жылдың 20 қазанында «Педагог-психологтардың кәсіби шеберлік деңгейін жетілдіру, ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмысты ұйымдастыру бойынша қалалық шығармашылық топтардың қызметін үйлестіру» тақырыбында онлайн семинар өткізді. Қаланың орыс және қазақ тілдерінде оқытатын 39 жалпы білім беретін мектебінің 60-тан астам психологы қатысты.

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Шолпан Саменқызы Нұрахметова өз сөзінде семинарға қатысушылардың назарын педагогтерге, ата-аналар мен ерекше білім беруді қажет ететін балаларға психологиялық көмек көрсету бойынша жұмысты жүйелеу, жаңа құзыреттерді пайдалану, әдістемелік құралдарды, авторлық бағдарламаларды, жобаларды жасау және тәжірибені тарату, қалалық және облыстық байқауларға, педагогикалық оқуларға қатысу мәселелеріне аударды. Облыстық «Жылдың үздік психологы - 2021» байқауының қорытындыларымен таныстырды - жүлделі орындарға 6 қатысушы ие болды, оның ішінде I орынды Баисова Алма Құрмбайқызы, Ахмекенова Гүлжазира Мұхамедрахимкызы (М. Әуезов атындағы мектеп, Кенжекөл мектебі), III орынды - Бережная Анастасия Алексеевна (№ 32 НОМ), «Үздік портфолио» номинациясы - Күнболатова Қуаныш Қуатқызы (Б. Момышұлы атындағы мектеп), «Үздік авторлық бағдарлама» номинациясы - Қайырбаева Айнұр Қаржаубайқызы (№ 122 мектепке дейінгі гимназия), «Үздік эссе» номинациясы бойынша - Ахметова Гүлмира Оралқызы (№ 19 ЖОМ). Байқау жеңімпаздары қараша айында республикалық турға қатысады.

Карпова Ирина Владимировна, № 26 ЖОМ педагог-зерттеушісі, психолог, педагог-психологтардың қалалық әдістемелік бірлестігінің жетекшісі психологтардың шығармашылық топтарының қызметін ұйымдастыру және әдістемелік сүйемелдеу мәселелеріне тоқталды, байқауға ұсынылған педагог-психологтардың әдістемелік құралдарының құрылымы мен мазмұны талқыланды.

Қалалық педагог-психологтардың шығармашылық топтарының жетекшілері «Білім беру ортасында буллингтің алдын алу» тақырыбында Марина Қуатбекқызы Кенесбаева (№ 21 ЖОМ), «Эмоционалдық зияткерлікті дамыту ерекше білім беруді қажет ететін балалардың қолайлы психикалық денсаулығының қажетті шарты ретінде» - Алмагүл Аманжолқызы Хамитова (№ 15 ЖОМ), «Мектепішілік бақылауда тұрған оқушылармен педагог-психологтың жұмыс жүйесі» - Жанар Бейсембайқызы Ордабаева (№ 25 ЖОМ) жұмыс тәжірибесін ұсынды.

Практикалық жұмыс барысында семинар қатысушыларына әдістемелік ұсынымдар, практикалық ойындар мен жаттығулар, жинақтарға қосу үшін дамытушы тапсырмалар ұсынылды. Қала мектептерінде ғылыми сүйемелдеу, рецензия алу және әдістемелік құралдар шығару, ұсынылған материалдарды апробациялау үшін жоғары оқу орындарының ғалымдарымен жұмыс істеу қажет. Аталған оқу құралдары «Үздік әдістемелік-дидактикалық құрал - 2022» қалалық байқауына қатысуға дайындалуда. Семинардың практикалық материалдары-ұсынымдар, оқулықтарға сілтемелер жұмыста пайдалану үшін қала мектептеріне жіберілді.