Bilim Land білім беру сайты "Жаңашыл мұғалім 2021-2022" республикалық байқауын өткізудің басталғаны туралы хабарлайды

Bilim Land білім беру сайты  "Жаңашыл мұғалім 2021-2022" республикалық байқауын өткізудің басталғаны туралы хабарлайды

Bilim Land білім беру сайты педагогтердің білім беру саласындағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытуға қосқан үлесін тану және көтермелеу мақсатында жыл сайынғы "Жаңашыл мұғалім 2021-2022" республикалық байқауын өткізудің басталғаны туралы хабарлайды.

Ниет білдіруші әрбір мұғалім байқауға қатысып, АКТ дамуына өз үлесін қосып, ақшалай сыйлық ұтып алу үшін облысыңыздың барлық мектебіне байқау туралы хабарлауыңызды сұраймыз.

Байқау 2 кезеңнен тұрады:

1-кезең: сабақты/іс-шараны әзірлеу. Мерзімі: 22.10.2021-31.12.2021.

2-кезең: бейнепрезентация + сабақтың \ іс-шараның бейнефрагменті.

Мерзімі: 17.01.2022 – 17.04.2022.

Байқауға қатысу – тегін.

Байқаудың жүлде қоры – 2 000 000 теңге

Байқауға қатысушыларға 4 аталымның біріне қатысу ұсынылады.

Байқау бойынша толық ақпарат қосымшада.