Павлодарлық оқушылар салауатты өмір салты үшін

Павлодарлық оқушылар салауатты өмір салты үшін

Павлодар қаласының білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос  уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының «Заң» азаматтық-құқықтық мектебі шеңберінде Павлодар қаласының ішкі саясат бөлімімен бірлесіп «Өмірлік импульс» тимбилдинг өткізілді. Мақсаты - салауатты өмір салтын позитивті және белсенді ойлаудың басты шарты ретінде насихаттау. Тимбилдинг (команда құру) - бұл жалпы мақсаттарға жету үшін, балаларды біріктіруге бағытталған жарыстардың заманауи шығармашылық түрі. Мұндай жарыстардың түрі балалардың іс-әрекеттері мен олардың салдары үшін жауапкершілікті қалыптастыру, жеке өзін-өзі бағалауды арттыру, коммуникативті қасиеттерді дамыту, басқалардың теріс әсеріне  қарсы  тұру  қабілеттерін қалыптастыру міндеттерін орындауға ықпал етеді.

Қаланың 15 жалпы білім беретін мектептің 8 - 10 сыныптың 8  оқушысынан құралған  3 команда қатысты. Командалар таңбалауыштардың түсі бойынша бірден құрылды. Қатысушыларға өз қабілеттері мен дағдыларын ашуға, командада жұмыс істеуді үйренуге мүмкіндік берілді.

Оқушылар бір-бірін білмей, жарыстың әртүрлі кезеңдеріндегі мақсаттарға жету үшін жалпы нәтижеге жеке үлес қоса алды: «Кіріспе» - команданың атауы, ұраны, капитанның таңдауы, «Спорттық» - «картоп», «допқа арналған туннель», «қайық» - доппен ойындар мен түрлі қозғалыстар, «Коммуникативті» - «аспалы көпір» - кезектесіп, қолдарындағы «жүкті» таңбалауға дейін жеткізу, «медуза» - шарлармен ептілік, «Зияткерлік» - «Барлығы Қазақстан туралы»  викторина, «Шығармашылық» - қара жорға биі.

Жарыс қорытындысы бойынша I орынды «Кашалот» (көк жетондар) командасы, II орынды «Монолит» (сары) командасы, III орынды «СӨС» (қызыл) командасы иеленді. Командалар дипломдармен және «Павлодар дарыны» орталығының жүлдесімен марапатталды.