«Думанды елім»

«Думанды елім»

Ағымдағы жылдың 16-17 қазан күндері Алматы қаласында «Думанды елім» атты балалар шығармашылық фестивалі (Бұдан әрі – фестиваль) өтті. Аталған іс шараға Шымкент, Тараз, Нұрсұлтан, Алматы, Түркістан және республикамыздың басқа да өңірлерінен балалар қатысты. Фестивальде Павлодар облысының атынан Павлодар облыстық Оқушылар сарайының “Калейдоскоп” балалар театр студиясы өнер көрсетті.
Облысымыздың жас әртістері көрермендер назарына иесіз жануарларға арналған «Прощай, овраг!» тақырыбында қойылымын ұсынды. Ұжым «Театр өнері» номинациясы бойынша бас жүлдеге ие болды. Қазылар алқасының төрағасы, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, профессор, педагог Меруерт Түсіпбаева ұжымға алдағы уақытта табыс тілеп, балалардың өнерін қазылар алқасының арнайы сыйлығымен марапаттады.