Әлемдік есімдерді музыкалық колледждің түлектері мен студенттері алуда

Әлемдік есімдерді музыкалық колледждің түлектері мен студенттері алуда

2021 жылдың 11-15 қазан аралығында Қазақ ұлттық өнер университетінің базасында «Шабыт» XXIV Халықаралық шығармашыл жастар байқауы өтті. «Баян-аккордеон» номинациясында павлодарлық жас баяншылар, республикалық және халықаралық конкурстардың бірнеше дүркін лауреаттары, орыс халық аспаптары бөлімінің оқытушысы, профессор Д.Р. Султанов сыныбының оқушыларылары - Руслан Галькеев және музыкалық колледждің түлегі, қазіргі уақытта профессор Фридрих Робертович Липстің сыныбында білім алып жүрген Гнесиндер атындағы Ресей музыка академиясының студенті Олжас Нурланов қатысты. Беделді байқаудың қазылар алқасы Павлодар қаласының музыкалық колледж тәрбиеленушілерінің жоғары деңгейде өнер көрсетуін атап өтті. Олжас Нурланов – 1 дәрежелі лауреат атанса, Руслан Галькеев – ІІ дәрежелі лауреат атанды.

17 қазан – еліміз үшін әлемдік даңқ күні. Қазақстан Тәуелсіздігінің отыз жылы ішінде әлемдік «Әлем Кубогы» байқауындағы алғашқы жеңіс Қазақстан Республикасы жетістіктерінің қоржынына түсті, «Музыкалық колледж-дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп – интернаты» кешені» ММ-нің түлегі Нурланов Олжас 2021 жылы 11-17 қазан аралығында Мюнхен қаласында өткен 74 – ші халықаралық «Әлем Кубогы» байқауында «Senior Coupe Mondiale» санатында жеңіске жетіп, әлем чемпионы атанды.