Әлемдік байқаудағы алғашқы жеңіс

Әлемдік байқаудағы алғашқы жеңіс

Қазақстан Республикасы мен Павлодар облысы үшін орасан зор оқиға. Алғаш рет әлемдік бәсекедегі жеңіс пен «Әлем Кубогы» еліміздің жетістіктері қоржынына түсті. «Музыкалық колледж-дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп – интернаты» кешені» ММ-нің түлегі Нурланов Олжас 2021 жылы 11-17 қазан аралығында Мюнхен қаласында өткен 74 – ші халықаралық «Әлем Кубогы» байқауында «Senior Coupe Mondiale» санатында жеңіске жетіп, әлем чемпионы атанды.

Бұл Олжастың әлемдік деңгейдегі алғашқы жетістігі емес. 2017 жылы Францияда өткен Confederation Mondiale de l ' Accordeon байқауында әлемнің 35 елінен келген баяншылар қатарында бір апта бойы әлемдік сахнада өз шеберліктері мен таланттарын көрсетті. Сол кезде Павлодар қаласының музыкалық колледжінің 4- курс студенті болған Олжас байқаудың дипломанты атанды.

Нурланов Олжас 8 жасынан бастап конкурстар мен концерттерге қатыса бастады. Музыкалық колледжде Олжас профессор Д.Р. Султановтан сабақ алды. Әртүрлі конкурстарға қатысып, «Менің жетістігім – елдің жетістігі» облыстық патриоттық байқауының бірінші жеңімпазы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры стипендиясының лауреаты атанды. 2018 жылы Гнесиндер атындағы Ресей музыка академиясына профессор Фридрих Робертович Липстің сыныбына оқуға түсті.

Олжас әлі жас болса да, ол Людмила Зыкина атындағы «Ресей» ансамблінің солисті, әр түрлі деңгейдегі отыздан астам беделді конкурстардың жеңімпазы, бес фестивальдің қатысушысы, Ресей мен Қазақстанның алғашқы тұлғаларының алдында бірнеше рет өнер көрсеткен. Бүгінгі күні Олжас өзін және елін бүкіл әлемге әйгілі еткен қазіргі заманның танымал баяншысы.