Креативті "body-art"

Креативті "body-art"

Осымен үш жыл бойы жазғы"WELCOME JAZ" жобасы аясында орталық педагогы Светлана Васильевна Бенц келбет боди-артын өткізуде. Балалар жыл сайын өткізілетін сайысқа асқан қызығушылықпен қатысады, көңіл - күйлері көтеріліп, жағымды эмоцияларды иеленеді. Адамның бетіне салынған бұл өрнектердің зияны жоқ, өйткені экологиялық тұрғыдан таза болып табылатын, аллергиялық реакция бермейтін, табиғи бояулар қолданылады.
Педагог алдын ала балаларды дайындайды, сайыс барысы, бояу техникасы жайлы түсінік береді. Мақсатын түсінген балалар өз шығармашылықтарын ортаға салып, ізденіспен жұмысқа кіріседі. Нәтижесінде, қазылар алқасы "Жас суретші"үйірмесінің тәрбиеленушілерін жеке бағалайтын болып шешті. Өйткені осы үйірменің жетекшісі бұл сайысты ұйымдастырып, өткізіп отыр.
Бірінші орынды номері үшінші орта жалпы білім беру мектебінен Боярко Анна, екінші орын сол мектептен Троян Софья, ал үшінші орын А Құнанбаев атындағы орта жалпы білім беру мектебінің оқушысы Сайлаубек Айбар және Шегірен орта жалпы білім беру мектебінің оқушысы Жунусова Айлин бөліп алды. Үйірме тәрбиеленушілері Кибатова Амина,Мураткен Айша өте тырысып,бірінші орынды иеленді. Боди-арт балаларға шынымен де қуаныш сыйлайтын, ұмытылмас ертегілік сиқыры бар әсер беретін дүние.