Қазақстан балалары – жазды қуанышқа толтырайық!

Қазақстан балалары – жазды қуанышқа толтырайық!

Жазғы каникул кезінде балалардың сауықтыру демалысы, бос уақыты мен қамтуының «Қазақстан балалары – жазды қуанышқа толтырайық!» «Дети Казахстана – наполним лето радостью!» атты Концепциясына сәйкес шілде айының 12-18 аралығында Шарбақты ауданының Северный мектебінде барлық шаралар «Біз салауатты өмір салты үшін» атты ұранмен өтті. Өткізілген шаралардың мақсаты- салауатты өмір салтын насихаттау.
Салауатты өмір салты тақырыбы үнемі өзекті. Осы жолы балалармен оқушының күн тәртібін құрастырдық, денсаулықты сақтау және нығайту ережелерін шығардық, физикалық белсендік алгоритімін зерттеп дайындадық. Ойынсыз жаз деген не? Балалар таза ауада ойнауды, таңертеңгі жаттығуды орындауды жақсы көреді. Ыстық күндері балалар дене шынықтыру залында ойнақ салды. Біз эстафета «сыпыртқымен» жүгіріп өту, садақ ату және доппен ойын өткіздік. «Сау тістер мен әдемі күлкі әлемі» атты шара қызықты және пайдалы болды. Балалар тісті дұрыс тазалау, нығайту, тіс пен қызыл иекті , ауыз қусын күтуге үйренді. Зардап шеккен адамға бірінші көмекті үнемі жылдам көрсету керек. Ең бірінші не істеу керек? Мұның бәріне балалар Денсаулық аптасын өткізгенде үйренді. Жараны өңдеуге үйренді, зардап шеккен адамға шұғыл көмек көрсетуге үйренді. Салауатты өмір салты туралы айта келе, балалармен «Денсаулық поезінде» саяхат жасадық. Станциялардағы көптеген аялдамалар балаларды зейінді болуға үйретті, витамин қолдану қажеттілігі және оның маңыздылығы туралы білді, өте көп кеңестерді ұғынды. Денсаулық аптасының соңында балалар денсаулық сақтау және нығайту ережелерін орындауға үйренді, дәмді және пайдалы витаминдер алды.