Балаларға арналған йога

Балаларға арналған йога

Шарбақты ауданының Арбиген жалпы орта білім беру мектебінде мектеп жанындағы лагері жаңа бағытта жұмыс жасап жатыр. Балалар йога сабақтарына қызығушылықпен қатысуда.Бұл сабақтың басты мақсаты-жарқын көңілді,дені сау, кемелденген шығармашыл тұлға тәрбиелеу. Осындай бағыт мектеп жанындағыы «Балауса» лагерінің директоры-Бектемірова Зарина Серікпайқызының бастамасымен іске асып жатыр. Өзі йога жаттығуларымен айналысатындықтан,балаларды да йогамен жаттықтыруда.Мұндай жаттығулар арқылы балалардың омыртқа қозғалғыштығы жақсарады, иілу, бұралу, сондай-ақ, пресс күшейтіледі, бұлшықет корсетінің жұмысы, бұлшықеттердегі қан айналымы белсенді жұмыс жасап, омыртқааралық дискілердің жұмысы жақсарады.Мектеп жанындағы демалыс лагері балаларының жүздері жайнап,үлкен қызығушылықпен және асқан жауапкершілікпен әр қимыл-қозғалыспен жұмыс жасайды. Йоганың басқа физикалық жаттығу жүйелерінен айырмашылығы - бұлшықеттер мен сүйектерді қатайтады, ақыл-ойды қазіргі өмірдің жылдам қарқынынан туындайтын жағымсыз сезімдерден босатады.
Әр баланы бақылай отыра, олардың жаңа нәрселерді қалай ашатынын көруге болады ,әртүрлі жаттығулардың қыр-сырын біледі, ең бастысы өзін-өзі жетілдіруге, жақсартуға және психикалық тепе-теңдікке жол ашады. Осындай жаттығулар арқылы лагерь тәрбиеленушілері нақты қимыл-қозғалыс жасауды, икемді пластикасы бар, дұрыс дене қалпын және біркелкі тыныс алуды үйренеді, өз денесін сезінуге, тепе-теңдікті, қозғалыстарды үйлестіруге үйренеді.Моральдық ерік-жігері дамып, шыдамдылық, нәтижеге қол жеткізудегі табандылық, күнделікті қозғалыс белсенділігінің қажеттілігі артып ағзаның иммунитетін арттыруға көмектеседі.