Пайдалы салаттарды оқушылар өздері дайындайды

Пайдалы салаттарды оқушылар өздері дайындайды

Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы «Жазғы круиз» жоба аясында «Лето в салате» қалалық онлайн конкурсы өткізілді. Мақсаты -жазғыкезеңде оқушылардың бос уақытының қамтылуынқамтамасыз ету, шығармашылық қабілетін дамыту,салауатты тамақ туралы көзқарасын кеңейту.
Конкурс шарты бойынша қатысушылар конкурс тақырыбына сәйкес кезеңмен салат дайындауды таныстыру фотосуретін жіберді. Конкурсқа қаланың 23жалпы білім беру мектептерінен 1-7 сыныптың 70 оқушысы қатысты. Конкурс қорытындысы бойынша 18 оқушы жүлделі орын алды, оның ішінде I орынға - 1, II орынға - 8, III орынға - 9 оқушы ие болды.
Қатысушылар «Летний, легкий», «Радуга», «Витаминный», «Бодрость», «Рататуй» «Фруктовая фантазия», «Солнечная роса», «Летнее настроение», «Нежность»,«Денсаулық» атты салаттар дайындады, олар жазғы жеміс, көгөніс, жиек, көк шөптің әр алуан молшылығынан жасалған. Бұл жерде фантазия, шығармашылық, қоспалардың бір-біріне сай келуін көруге болады, сонымен қатар дайындау дағдыларымен осы іске деген қызығушылықты байқауға болады.
І орынды №11 ЖОМ 5 сынып оқушысы Калиничева Еваиеленді. Өзінің «Күншуаақты жазғы көңілкүй» бейнеролигінде ол 1 алма, 1 апельсин, 1 алмұрт, 1 киви, жаңғақ, йогурттан дайындалған дәруменді жемісті салаттың дайындалу тәсілін ұсынды.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының дипломдарымен марапатталды.