Павлодарлық оқушылар табиғатқа ұқыпты қарау үшін

Павлодарлық оқушылар табиғатқа ұқыпты қарау үшін

2021 жылғы 15 маусымда Павлодар қаласының балалар көркемсурет мектебі- ЮНЕСКО клубы «Дәстүр - LIFE» жазғы жобасы аясында «Экомода» қалалық байқауын өткізді. Оған №32, 41, 43, 21, 24, 36, 17, 6, 9, 28, 38, 29, 37, Әуезов атындағы, Қ. Мақпалеев атындағы, Жетекші ЖОББМ жанындағы лагерьлерден 57 оқушы қатысты. Мақсаты-шығармашылық қабілеттерін дамыту, табиғатқа, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға, экологиялық мәдениетке тәрбиелеу. Байқау шарттары бойынша оқушылар, мектеп жанындағы жасақтар тастанды материалдан жасалған киім дизайнының өз нұсқаларын ұсынды, оларды көрермендерге көрсетіп, олардың неге арналғаны туралы айтып беру.
- Балалар пакеттер, полиэтиленді қаптар, бөтелке қақпақтары, газеттер, картон, мата кесектері, бөтелкелер сияқты тастанды материалдарды пайдалана отырып, киімнің жекелеген, сондай-ақ киім топтамаларының алуан түрлі және қызықты түрлерін ұсынды, - дейді мектеп басшысының орынбасары Гүлнар Мұхаметқалина.
Бағалау кезінде қазылар алқасы өзектілікті, қолдану мүмкіндігін, креативтілікті, эстетиканы ескерді. Костюмдер дизайны бойынша қатысушылар мен олардың ұстаздары оларды орындау барысында бар күш-жігерлерін, қиялдарын және өнерлерін салғанын көруге болады. Байқаудың жеңімпаздары № 28, 9 мектеп командалары болды.
- Біз «Эколеди», «Су перісі», «Музыкалық пері» қойылымдарын сахналау үшін костюмдер дайындадық. Бұл үшін бізге полиэтиленді қаптар, пакеттер, тығындар, газеттер, компьютерлік дискілер қажет болды, - деп Жетекші ЖОМ командасының 6-сынып оқушысы, 12 жаста, Рената Алдабергенова команданың жұмысымен таныстырды.
- Тастанды материалдарды пайдалана отырып, олардың пайдалы екенін шебер қолдана отырып көрсеттік, сондай - ақ адамдар оларды далаға тастамауы және табиғатқа зиян келтірмеуі тиіс екенін көрсеткіміз келді, - дейді № 38 мектеп командасының 4-сынып оқушысы Сабина Бисенбенова, 10 жаста.
Жүлделі орындарға 4 команда ие болды, оның ішінде II орын - №29, Жетекші ЖОМ командалары, III орын - № 32, Қ.Мақпалеев атындағы ЖОББМ командалары.