Біз сіздерге өзіміздің Павлодар облысы білім басқармаы Шарбақты аудандық оқу бөлімінің «Сосновка жалпы орта білім беру мектебі» КММ ұйымдастырылған жаңа "Қыш - құмыра шеберханасы" атты жаңа жобамыз туралы айтқымыз келеді. Жобаның мақсаты: балалардың халықтық сәндік-қолданбалы өнерінің алуан түрлілігі туралы түсініктерін кеңейту, қыштан бұйым жасау өнерімен, балшықтан жасалған бұйымдардың алуан түрлілігін көрсету. Шеберлердің еңбектеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Ежелден адамдар саз балшықты қолданған: кірпіш істеген,үй салған. Балшықтан ыдыс - аяқ, ойыншықтар істеген. Сонымен қатар балшықпен емделген. Балшық деген не ?
Балшық – созылмалы, иілімді табиғи материал. Ол су өткізбейді, шірімейді. Табиғатта қызыл балшық, көк балшық, ақ балшық, қара балшық кездеседі. Балшық майлы, орташа және құрғақ түрі болады. Бұрынғы заманда пештерді «горн» деп атаған, содан «гончар» деген сөз пайда болған. Міне біз де балалармен бірге қыштан бұйым жасауға кірісіп кеттік. Қызықты уақыт өткіземіз.
Біздің күніміз қыштан бұйым жасау ісі туралы видео көрсетуден басталды. Балалар бұл видеодан өздерін қызықтыратын ақпараттар алды. Келесі күндері материалдармен танысып,балшықпен жұмыс жасауды үйренді. Жұмыс барысында балалардың көңіл күйлері көтеріңкі болды, барлығы қызығушылықпен жұмыс жасап, алған әсерлерімен бөлісті. Балалардың алған әсерлері өте жақсы болды, олардың біздің ата бабаларымыздың шеберлігін өз көздерімен көре алуы қандай керемет.
Және де біздің сендерге айтар бір кеңесіміз: балшықпен жұмыс жасағанда оған күлімлеп қойыңыз. Себебі балшық жанды материал. Бір ойыншық жасап, оның көзін салсаңыз , ол сізге күлімдеп қарайды. Онымен сәлемдесіңіз! Сендер енді бір уыс балшықпен дос болып шығасыздар. Балшық сізге алғыс айтады. Ол сізге және сіздердің балаларыңызға қуаныш пен жақсы көңіл күй сыйлайды!
Балалар өздерін шығармашалық жұмыс кезінде жан жақтан көрсетті. Жаңа нәрселерді білді. Балшықтан ыдыс , ойыншық, тұмар және тағы басқаларды жасауды үйренді. Осылардың бәрін біздің фото суреттерден көруге болады.
Балалардың мектеп алды сауықтыру лагеріндегі өткізген уаықыттары балаларға жағымды естеліктермен және пайдалы істерімен есте қалады деп үміттенеміз.