«Облыс әкімінің дарынды балалармен кездесуі»

«Облыс әкімінің дарынды балалармен кездесуі»

Дарынды балаларды ынталандыру және көтермелеу мақсатында 2021 жылғы 11 маусымда сағат 11.00-де "Достық үйінде" Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов өңірдің дарынды оқушыларымен, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерімен салтанатты кездесу өткізді. Оқу жылының қорытындысы бойынша біздің облысты әртүрлі деңгейдегі беделді іс-шараларда лайықты түрде таныстырғандарды құрметтеу дәстүрге айналды. Бұл тек республикамызда ғана емес, сонымен қатар одан тыс жерлерде де олимпиадалар мен конкурстарда біздің өңірді даңқтаған зияткерлік қызмет саласында өзін танытқан жас дарындар.
Кездесуге республикалық және халықаралық олимпиадалардың 52 жеңімпазы мен жүлдегері, 2021 жылғы республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша «Ең үздік олимпиадалық мектеп – 2021» дипломының иегерлері – мамандандырылған мектептердің басшылары қатысты. І дәрежелі дипломмен – дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебі, ІІІ дәрежелі диплом - «Жас дарын» мамандандырылған мектебі және дарынды балаларға арналған № 3 гимназиясы марапатталды. Сондай-ақ, республикалық олимпиадалардың бірнеше жүлдегерлерін тәрбиелеген ата-аналар шақырылды.
Облыс әкімі Абылкаир Скаков кездесу қатысушыларына арналған өзінің үндеуінде барлығын жоғары жетістіктерімен құттықтап, осы балалардың таланттары мен қабілеттерін біздің қоғамымыз талап ететіндігіне сенім білдірді, оқушыларға өз елінің патриоты болуға тілек білдірді. Облыс әкімінің жеке алғыс сөздері ата-аналар мен педагогтарға арналды.
Салтанатты жиын барысында облыс әкімінің атынан оқушыларға құттықтау хаттарымен және 100 мың теңге ақшалай сыйақы сертификатымен марапаттау рәсімі өтті.
Оқушылар тарапынан халықаралық және республикалық олимпиадаларының жүлдегері Драганчук Антоналғысты айтып, облыс әкіміне «Дарын-2021» ескерткіш кітабын сыйға тартты.
Іс-шара соңында еркін жағдайда сенімгерлік әңгімелесу өтті, оның барысында оқушылар өңір басшысына қол жеткізілген жетістіктер, болашаққа жоспарлар туралы айтып, қызықтыратын сұрақтар қойды.