«Тірі тарих» атты естелік планетасы

«Тірі тарих» атты естелік планетасы

Павлодар қаласындағы № 21 мектептің балаларын жазғы сауықтыру және бос уақытын қамту бағдарламасы аясында мектеп жанындағы лагердің 1 - 4 сынып оқушылары қаламызда ашық аспан астында орналасқан Әскери Даңқ мұражайына барды. Мақсаты - Отанға деген патриоттық сезімді қалыптастыру, үлкендерге құрметпен қарау, Отан қорғаушылардың ерліктерін білу, туған қала мен елдің тарихын зерттеу.
Ұлы Отан соғысы жылдары бізден алыстап барады. Қырқыншы жылдардағы адамдардың, сол сұрапыл соғыс жылдарындағы ерлік туралы естеліктер жас ұрпақтың есінде қалуы керек.
Әскери Даңқ мұражайына барғанда балалар гидті үлкен қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойды, әскери жылдардағы экспонаттарды зерттеді. Біз сол соғыстың шынайы оқиғалары, ата-бабаларымыздың ерліктері мен батылдығы туралы көп білдік.
Әскери Даңқ мұражайына бару әрбір кішкентай жүрекке әсер етті, ешкімді бей-жай қалдырмады. Сол кездегі және болашақ ұрпақтарына өз Отанын, бейбіт өмірін сақтау үшін ерлік жасаған адамдарды есте сақтау өте маңызды, - дейді Задубняк Любовь Владимировна, мектеп лагерінің жетекшісі.