Назар аударыңыз!

Назар аударыңыз!

25 маусымнан бастап талапкерлерден техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік тапсырысы бойынша орындар беру конкурсына өтініштер қабылдау басталады.
Талапкерлер үш әдіспен өтініш бере алады: eGov.kz электронды үкімет порталы, SmartNation порталы (college.snation.kz) арқылы және, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына қағаз түрінде.
Конкурсқа қатысу үшін талапкерлердің төрт колледжде төрт мамандыққа дейін таңдау құқығы бар.
Ескерту: педагогикалық, медициналық мамандықтарды, сондай-ақ өнер және мәдениет мамандықтарын таңдайтын талапкерлер бір бағыттағы барлық төрт мамандықты таңдауы қажет.

Қажетті құжаттар колледжге тапсырғанда:
1) құжаттарды қабылдау туралы өтініш;
2) білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;
3) 3x4 см көлеміндегі 4 дана фотосурет;
4) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21759 болып тіркелген) бекітілген № 075-У нысаны бойынша медициналық анықтама, I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21759 болып тіркелген) № 031-У нысаны бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысы;
5) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны салыстыру үшін). Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттарды жеке өзі немесе заңды өкілдері ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушылар – шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар олардың мәртебесін айқындайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты ұсынады:
1) шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтияр хаты;
2) азаматтығы жоқ тұлға – азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
3) босқын – босқын куәлігі;
4) пана іздеуші тұлға – пана іздеуші тұлғаның куәлігі;
5) қандас – қандас куәлігі.
E-GOV порталы арқылы:
1) көрсетілетін қызметті алушының нақты тұрғылықты жері көрсетілген, оның өкілінің ЭЦҚ қойылған көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының (немесе оның заңды өкілдерінің) бірінің электрондық құжат нысанындағы өтініші;
2) білімі туралы құжаттың электрондық көшірмесі немесе электрондық түрдегі білім туралы құжат;
3) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21759 болып тіркелген) бекітілген № 075-У нысаны бойынша медициналық анықтаманың, I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21759 болып тіркелген) бекітілген № 031-У нысаны бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысының электрондық көшірмелері;
4) 3x4 см көлеміндегі цифрлық фотосурет;
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады
Smart nation ақпараттық жүйесі арқылы:
a. Қабылдау туралы еркін нысандағы өтініш;
b. Білімі туралы құжаттың электрондық көшірмесі;
c. 3x4 см көлеміндегі фотосурет;
d. 075-У нысанындағы медициналық анықтамалардың электрондық көшірмелеріа(I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін - медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы);
e. Ұлттық бірыңғай тестілеу немесе кешенді тестілеу сертификаты (бар болса).
f. Жеке басын куәландыратын құжаттар.
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар да жүктеуі қажет:
g. Шетелдік - ҚР-да шетелдіктің тұруға ықтиярхаты;
h. Азаматтығы жоқ адам-азаматтығы жоқ ада;
i. Босқын-босқын куәлігі;
j. Пана іздеген тұлға - пана іздеген адамның куәлігі;
k. Оралман - оралман куәлігі.