IT-индустрия саласындағы үздік жобалар

IT-индустрия саласындағы үздік жобалар

   Ағымдағы жылдың 26 мамырында Павлодар облысының білім беру басқармасының бастамасымен Ақпараттық технологиялар колледжінің базасында экономиканың түрлі салаларында маңызды IT-жобаларды анықтауға және ілгерілетуге жәрдемдесуге бағытталған "IT-PROJECT" онлайн байқауы өтті.
Байқау 7 бағыт бойынша өтті:
1. Білім беру саласындағы үздік IT-жоба
2. Өнеркәсіп және өндіріс саласындағы үздік IT-жоба;
3. Өндіріс және тамақтандыруды ұйымдастыру саласындағы үздік IT-жоба;
4. Медицина саласындағы үздік IT-жоба;
5. Ауыл шаруашылығы саласындағы үздік IT-жоба;
6. Қызмет көрсету саласындағы үздік IT-жоба;
7. Үздік әлеуметтік IT-жоба.
Конкурстық жұмыстарды құрамына мемлекеттік органдардың, кәсіпкерлер палатасының және IT-қоғамдастықтардың өкілдері енген сараптамалық кеңес мүшелері бағалады.
Байқау қорытындысы бойынша 5 номинация бойынша жеңімпаздар анықталды:
«Білім беру саласындағы үздік IT-жоба» номинациясында 1-орын иегері Есмағамбет Аяна Б. Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледж студенті атанды, 2-орынды Инновациялық Еуразия Университетінің Екібастұз колледжінің студенті Бастемиев Мирас, 3-орынды Павлодар машина жасау колледжінің студенті Котегова Евгения және Б. Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледждің студенттері Темірлан Шалхыманов және Арман Шайғазинов бөлісті.
«Өнеркәсіп және өндіріс саласындағы үздік IT-жоба» номинациясы бойынша Павлодар машина жасау колледжінің студенті Ерболат Даниял 2-ші дәрежелі дипломмен марапатталды.
Тереңкөл ауданының аграрлық-техникалық колледжінің студенттері Нургалиева Индира және Зуенко Екатерина «Өндіріс және тамақтандыруды ұйымдастыру саласындағы үздік IT – жоба» номинациясында 1-ші орынға ие болды.
«Қызмет көрсету саласындағы үздік IT-жоба» номинациясында Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінің студенті Мадиниев Рахат 1-ші орынды, Ақпараттық технологиялар колледжінің студенттері Гембух Артем, Гембух Антон, Аделканов Рауат және Воронцов Артем 2-ші орынды иеленді.
«Үздік әлеуметтік IT-жоба» номинациясында электроника және коммуникациялар жоғары колледжінің студенті Жолаева Альмира 1-ші орынға ие болды.
Барлық қатысушылар қатысқаны үшін сертификаттармен, номинанттар – дипломдармен марапатталды.
Байқау төрағасы, «TKR holding» ЖШС компаниясының бас директоры Асқар Ахметов Б. Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледж студенті Есмағамбет Аянаға дайын IT-жобасы үшін бағалы сыйлық табыс етті.
«BitSpacе» компаниясының өкілі Кәкенова Сәуле байқаудың 2 қатысушысын (Есмағамбет Аяна мен Жолаева Альмира) атап өтіп, жобаларды одан әрі инвестициялау үшін өз жұмыстарын компания басшылығына таныстыруды ұсынды.