«Бәріміз бақыттымыз» психология апталығы

«Бәріміз бақыттымыз» психология апталығы

Мамыр айының 11 мен 15 аралығында білім бөлімінің жоспарына сәйкес барлық аудан мектептерінде «Бәріміз бақыттымыз» атты психология апталығы өткізілуде. Психология апталығының мақсаты - психологиялық қызметтің жұмысын насихаттау, оқушылардың шығармашылығын, белсенділігін арттыру, өмірге деген махаббат пен құлшыныстарын арттыру, мектеп ұжымының ауызбіршілігін қалыптастыру болып табылады.
Апталық барысында мектеп психологтары көптеген мектепішілік шараларды ұйымдастырып жатыр. Мысалы, «Ашық микрофон», «Ата -аналар күні», «Көңілді алақандар», «Мейірім шуағы», «Күлкі – өмір шырағы», педагогтарға арналған түрлі тренингтер және тағы да басқа шаралар.