Дарынды балаларға арналған мектептер арасында оқ атудан облыстық турнир

Дарынды балаларға арналған мектептер арасында оқ атудан облыстық турнир

2021 жылғы 13 мамырда Аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығы Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованы еске алуға арналған оқ атудан облыстық турнир өткізді.
Жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды Павлодар қ. дарынды балаларға арналған № 3 гимназиясының командасы, 2 – орынды спорттағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты, 3-орынды Екібастұз қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Зерде» мектебі иеленді.
Жүлдегерлер дипломмен және грамоталармен, жеңімпаздар кубокпен, қатысушылар грамоталармен және медальдармен марапатталды.