VIII Халықаралық «INFOMATRIX-ASIA 2021» IT- жобалар байкауы

VIII Халықаралық «INFOMATRIX-ASIA 2021» IT- жобалар байкауы

2021 жылғы 5-7 мамыр аралығында «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы Сүлеймен Демирел университетімен (SDU) бірлесіп, VIII Халықаралық «INFOMATRIX-ASIA 2021» IT- жобалар байқауын онлайн режимде өткізді. Шараға 400 оқушы қатысты.
Байқау мақсаты - техникалық ғылымдар саласындағы дарынды балаларды анықтау және қолдау, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша әлеуетті қабілеттерін дамыту.
Павлодар облысының «Компьютерлік бағдарламалау» секциясында «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 11 сынып оқушысы Акильбеков Алар сәтті таныстырып, қола медаль иегері атанды.