Ақсу қаласының № 2 ЖОМ-нің 5-6 - сынып оқушыларының Ұлттық мектеп лигасы аясында өткен тоғызқұмалақ жарысындағы жеңісі

Ақсу қаласының № 2 ЖОМ-нің 5-6 - сынып оқушыларының Ұлттық мектеп лигасы аясында өткен тоғызқұмалақ жарысындағы жеңісі

      3-8 мамыр аралығында 5-6, 7-8, 9-11 сынып оқушылары (ұлдар, қыздар) арасында ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай Ұлттық мектеп лигасы аясында тоғызқұмалақ жарысы Ақмола облысы, Бурабай ауданы «Ботакөз» демалыс үйінің базасында өтті.
Жарыста 13 өңірдің: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Павлодар, Ақтөбе, Жамбыл, Түркістан, Ақмола, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарынан 150-ден астам оқушы өзара сайысқа түсті.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар оза шыққан жас спортшылар жеңімпаз атанды.
Жалпы командалық есепте 5-6 сынып арасында Павлодар облысының намысын қорғап сайысқа түскен Ақсу қаласының № 2 ЖОМ оқушылар командасы бірінші орынды иеленді.
Команда құрамында:
1.Сапар Тамерлан Балтабайұлы (жеке есепте -1-орын)
2. Нұртасқызы Аида (жеке есепте-1-орын)
3.Турсунбайкызы Әника (жеке есепте-2-орын)
4.Андосова Амина Ерланқызы
9-11 сыныптар арасында Екібастұз қ. №22 МГ-ның оқушысы Баялдяшева Жамиля Жалгамовна жеке есепте 1-орынға ие болды.
Жаттықтырушылар:
Сапарова Гульжан Мухаметкалиевна
Канапашев Ардак Шарипович

ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ОҚУДА ДА, СПОРТТА ДА ЖОҒАРЫ ЖЕТІСТІКТЕР ТІЛЕЙМІЗ.

@school_22_ekb
@7_mektep_pvl
@aksu_2school
@bilim_aksu
@bilim_pavlodar
@bilim_ekibastuz