5-6 сынып оқушылары арасында футболдан облыстық жарыс аяқталды

5-6 сынып оқушылары арасында футболдан облыстық жарыс аяқталды

2021 жылдың 30 сәуірінде 5-6 сынып оқушылары арасында футболдан облыстық жарыс аяқталды. Жарысқа Ақсу қаласының, Павлодар қаласының, Аққулы ауданының, Павлодар және Шарбақты аудандарының командалары қатысты. Ойын қорытындысы бойынша 1 орынды Павлодар қ.#25 ЖОМ, 2 орынды Павлодар ауданының командасы, 3 орынды Ақсу қ. #2 ЖОМ иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар облысы білім беру басқармасының АОТДТО-ның кубоктарымен, грамоталарымен және медальдарымен марапатталды.