“Бақыт құшағында” клубының ашылуы

“Бақыт құшағында” клубының ашылуы

2021 жылдың 15 сәуірі күні «Радуга» мектептен тыс жұмыс орталығы базасында «Бақыт құшағында» атты отбасылық қорғау клубының ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Шарбақты ауданы әкімінің орынбасары Р.А.Негманова, аудандық маслихат хатшысы Н.С.Кизатов, клуб басшысы Каирханов К.А., полиция бөлімінің өкілдері, аудандық орталық аурухана психологі қатысты. Іс-шараға қашықтықтан аудандық білім бөлімінің әдіскері, аудан педагогтары мен психологтары, және Балалар өкілдері қатысты. «Бақыт құшағында» клубының мақсаттары мен талаптары, және жоспарлары жайында «Радуга» МТЖО педагог – ұйымдастырушылары Каирханов К.А. және Нургалиева А.Ж. айтып өтті. Аудандық балалар өкілдері Ассоциациясының кураторы Касенова А.Ж., «Бақыт құшағында» клубы мен аудандық балалар өкілдері Ассоциациясының бірігіп, өзара әрекеттесе жасайтын жұмыстардың түрлері мен әдістері жайлы айтты. ООШ Шарбақты ауылының № 2 НББМ психологі Головатая А.А. «Бақыт құшағында» клубының психологиялық –педагогикалық қолдау жұмыстары жайлы сөз қозғады. Іс-шара соңында аудан әкімінің орынбасары Р.А.Негманова, аудандық маслихат хатшысы Н.С.Кизатов клуб жұмысының басталуының белгісі ретінде, салтанатты түрде лентаны кесті.