Павлодарлық бишілер Қазақстандағы үздік үштікке енді

Павлодарлық бишілер Қазақстандағы үздік үштікке енді

Нұр-Сұлтанда би спортынан «Nur-Sultan Championship - 2021» Қазақстан чемпионаты өтті. Турнир еліміздің түкпір-түкпірінен үздік бишілерді жинады.
Б. Момышұлы атындағы мектептің 4 сынып оқушылары Нұрасыл Қанат пен Інжу Рахым «Ювеналы - 2» санатына қатысты. 16 жұп арасынан жас спортшылар екінші нәтиже көрсетті.
- Жарыс өте қызықты өтті, - дейді Інжу Рахым. Карантинге байланысты көптеген жарыстар тоқтатылды. Бірақ соған қарамастан біз қолымыздан келгеннің бәрін көрсетуге тырыстық.
Естеріңізге сала кетейік, Қанат пен Інжу 5 жастан бастап «Классик» спорт клубында би билеп, бірнеше рет түрлі жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары атанды. Ақпан айында жұп «Love Story - 2020» халықаралық сайысында III орын алды, өткен жылы оқушылар «Bayterek Winter Cup 2020» турнирінің жеңімпаздары атанды.