WorldSkillsKazakhstan қозғалысы Бас Ассамблеясының отырысы

WorldSkillsKazakhstan қозғалысы Бас Ассамблеясының отырысы

Ағымдағы жылдың 15 сәуірінде WorldSkillsKazakhstan Бас Ассамблеясының жыл сайынғы отырысы өтті. Отырыс жұмысына вице-министр Шолпан Каринова, «Талап» КЕАҚ мамандары, стратегиялық, техникалық, өнеркәсіптік комитеттердің делегаттары, өңірлік сарапшылар мен республика колледждерінің өкілдері қатысты. Отырыстың күн тәртібінде әлемдік қозғалысты дамытудың өзекті мәселелері қаралды: оқу бағдарламаларына worldskillls стандарттары мен демонстрациялық емтиханды енгізу, аймақтық құрамалардың қатысуы, ұлттық чемпионатты өткізу және сарапшылар қауымдастығын жетілдіру. Павлодар облысының техникалық делегаты тәжірибе алмасу аясында өңірдегі қозғалысты дамыту бойынша ағымдағы жұмыс және болашаққа жоспарлар туралы айтып берді.