Аққулы ауданының білім бөлімінде Отбасын қолдау орталығы ашылды

Аққулы ауданының білім бөлімінде Отбасын қолдау орталығы ашылды

15 сәуір күні Аққулы ауданының білім бөлімінде Отбасын қолдау орталығының тұсаукесері өтті. Оның қызметі кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, өмірде қиын жағдайға тап болған кәмелетке толмағандар мен отбасыларды уақтылы анықтауға, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша қызметті жүзеге асыруға бағытталған. Кездесу барысында аудандық аурухана мен полиция бөлімдері мен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықығын қорғау жөніндегі комиссияның мүшелері өзара іс-қимыл мәселесі талқыланды.
Орталықта ата-аналарды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу, сонымен қатар, аудан мектептеріндегі психологиялық қызметінің мамандарымен бірлесе жұмыс жүргізіп, отбасындағы психологиялық, физикалық, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға, кәмелетке толмағандардағы мазасыздықты анықтауға бағытталған оқушыларды диагностикалаумен айналысады.
Салтанатты ашылуында аудан әкімінің орынбасары А.Қасымова Отбасын қолдау орталығының қызметіне сәттілік тілей отырып, келешек ұрпақты тәрбиелеу мақсатында тығыз байланасуға шақырды.
Отбасын қолдау көрсету орталығымен байланысу үшін: 8 (71839) 21- 059, 8 777 867 72 17