Павлодар облысында оқушыларды қашықтықтан оқуға көшіру кезінде кедергілер болған жоқ

Павлодар облысында оқушыларды қашықтықтан оқуға көшіру кезінде  кедергілер болған жоқ

Павлодар облысының білім беру басқармасы chinovnik_kz телеграмм-каналындағы басшы орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеуді тіркеу туралы ресми хабарламаны алмағанын хабарлайды. Интернет-постта жазылғандай оқушыларды қашықтық оқуға көшіру кезінде кедергілер болған жоқ. Компьютерлер толық көлемде сатылып алынды және белгіленген техникалық талаптарға сәйкес келді. Алынған компьютерлер әр оқушыға жеткізілді және балалар мектептегі білімін ары қарай онлайн форматта жалғастыру үшін жағдай жасауға мүмкіндік берді.Павлодар облысының білім беру басқармасы chinovnik_kz телеграмм-каналында жарияланған мәліметтерді анықтайтын болады.