«Менің елім-менің тілім» қалалық турнирі

«Менің елім-менің тілім» қалалық турнирі

«Менің елім-менің тілім»- «Моя страна - мой язык» қалалық турнирін 2021 жылдың 7 - 8 сәуірінде Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен алғаш рет өткізілді. Қаланың 24 жалпы білім беретін мектептерінен 2 - 4 сыныптың өзге ұлт өкілдерінен 110 оқушы қатысты. Мақсаты- мемлекеттік тілді үйренуге ынталандыру, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, елдің тарихи және мәдени мұрасына ұқыпты қарауға тәрбиелеу.
Бірінші тур іріктеу кезеңінен - тест тапсырмаларын орындаудан тұрды. Екінші турға 18 мектептен 57 оқушы өтті және «Дүкенде», «Кітапханада», «Наурыз мерекесі», «Мұражайда»- тұрмыстағы өмірлік жағдайлар тақырыптарында диалогтық сұхбатқа қатысты.
Екінші кезеңнің қорытындысы бойынша 13 мектептен 25 оқушы мемлекеттік тілді және қазақ тілінде еркін диалог жүргізе алатындығын көрсетті(№ 6 , 9, 26 , 29, 34, 36, 38, 40, 41, 43, № 16 лицей-мектебі, М. Әуезов атындағы, Кенжекөл ЖОМ), оның ішінде І орын - 6, ІІ орын - 8, ІІІ орын - 11 қатысушы.
2-сынып оқушылары арасында I орынды Данилевский Дима (№6 ЖОМ), Стешенко Алина (№41 ЖОМ), Недякина Арина (М.Әуезов атындағы мектеп), Тельников Аристарх (№43 ЖОМ), 3 сынып оқушылары арасында Шелбогашева Виктория (№ 34 ЖОМ), 4 сынып оқушылары арасында Карпунина Ильзира (№40 ЖОМ) иеленді.
- Жеңімпаздар тест сұрақтарына дұрыс жауап беріп, пән бойынша алған білімдерін тәжірибеде қолдана алды. Олар сөйлемдерді сауатты құрастырып, сөздерді байланыстырып, мемлекеттік тілде сөйлей алатындарын көрсетті, - дейді орталық әдіскері Анар Ерболатқызы Құмарова.
Турнирдің барлық қатысушылары электрондық сертификаттармен, жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласының білім беру бөлімінің дипломдарымен марапатталады.