Сингапурдың тәжірибесі: облыс колледждерінде әлемдік деңгейдегі білім беру жүйесін құру

Сингапурдың тәжірибесі: облыс колледждерінде әлемдік деңгейдегі білім беру жүйесін құру

Павлодар облысында 2020 жылдан бастап «Жас маман» республикалық жобасы іске асырылуда. Жобаға өңірдің 10 үздік мемлекеттік колледжі енді. «Жас маман» жобасының өзегі 100 сұранысқа ие мамандықтар тізбесіне кіретін техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеу болып табылады. Білім беру бағдарламалары ECTS және ECVET еуропалық стандарттарына негізделетін болады. «Жас маман» жобасына қатысатын колледж педагогтері курстарда сингапурлық жаттықтырушылармен кәсіби біліктілігін арттырады. Курстар ағылшын тілінде өтеді. Курс қорытындысы бойынша педагогтер болашақ мамандарды дайындауда қолданылатын оқытудың заманауи технологиялары мен әдістемелерін меңгеруді үйренеді.