Ата -аналар клубы – бұл ата -аналарға білім беру қызметін көрсететін бір қызметі мен әлеуметтік педагогикалық және психологиялық сауаттылық деңгейінің жоғырылауына ықпал ету.
Аққулы ауданының Ямышев жалпы орта білім беру мектебінде «Сенім» атты ата -аналар клубы ашылды. Оған себеп болған ата -аналар мен педагогикалық ұжымының жақын қарым қатынасы.
«Сенім» ата -аналар клубының негізгі мақсаты – қиын жағдайдағы отбасыларға педагогика -психологиялық кеңес беру мен шешу жолдарын бірге табу және көмектесу болып табылады. Жауапты ата -ананың позициясын қалыптастыру.
Салтанатты ашылуы ZOOM платформасында өткізілді. Оған 0-11 сынып оқушыларының барлық ата -аналары шақырылды. Сонымен қатар, ашылуында мектеп әкімшілігі қатысып, клубтың жоспарымен таныстырып, өткізілетін іс -шаралар бойынша баяндап көрсете білді. Қашықтықтан болса да, ата-аналардың клубының кабинеті көрсетілді. Клубтың тізімінде – ардагер ұстаз Сакиянова Светлана Еренгаиповна болып тағайындалды. Ол кісі балалар тәрбиесіне көп жыл еңбегі ішінде күшін салып, өз тәжірибесімен бөліседі.
Отбасы – адамның өмірдегі ең маңызды мәні болып табылады. Елімізде көп бақытты отбасы болса, қоғамымыз гүлденген, мықты болады.