Шекарасыз конференция

Шекарасыз конференция

7 сәуірде «ХХІ ғасыр студенттері мен оқушыларының интеллектісі: мүмкіншіліктерді жүзеге асыру, болашағы» V халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция басталды. Конференция 2021 жылғы 7-9 сәуір аралығында онлайн режимде өтеді.
Қазақстан, Ресей, Белоруссия және Қырғызстаннан бір жарым мыңнан астам өтінім келіп түсті. Беларусь Минск, Брест, Гомель, Могилев, Витебск, Орша, Солигорск, Рогачев, Речица қалалары мен елді мекендердің колледждерін ұсынады.
Ресей өңірлері де қатысады. Атап айтқанда: Саратов, Самара, Томск, Омбы, Тюмень, Новосибирск, Челябинск, Екатеринбург, Магнитогорск, Татарстан Республикасы (Казань қаласының колледждері қатысады), Алтай өлкесінен (Барнаул, Бийск, Камень на Оби).
Қазақстан келесі қалалармен ұсынылған: Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Шымкент, Тараз, Түркістан, Атырау, Ақтау, Қызылорда, Қарағанды, Өскемен, Орал, Семей, Щучинск, Балқаш, Қостанай, Жетіқара, Арқалық, Теміртау, Ақтөбе, Жаңатас, Жаңаөзен, Қаскелең, Талғар, Жаркент, Көкшетау.
Осы жылы Павлодар қаласы мен Павлодар облысы мектептерінің оқушылары да қатысты. Павлодар облысы Екібастұз, Ақсу қалаларымен, сондай-ақ Ертіс, Тереңкөл, Май, Баянауыл, Шарбақты және Ақтоғай аудандарының ауылдық аймақтарымен ұсынылған.
Конференция 8 бағыт бойынша өтуде:
● Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер
● Техникалық пәндер
● Жаратылыстану-математикалық пәндер
● Педагогика және психология
● Филологиялық пәндер
● Экономикалық пәндер
● Құқықтық пәндер
● Ақпараттық технологиялар
Конференция қорытындысы 9 сәуір сағат 12:00-де шығарылады. Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!