Шет тілі мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжі Павлодар облысының білім беруді дамытудың инновациялық орталығымен бірлесіп ағылшын тілін оқытуда тәжірибе алмасу мақсатында 2021 жылғы 31 наурызында жалпы білім беретін білім беру ұйымдарының ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған «Ағылшын тілін оқытудың интерактивті әдістері» атты тақырыпта облыстық онлайн семинар өткізілді.
Семинар аясында мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары келесі тақырыптарды қарастырды: «Жазбаша тілді оқытудағы 4 шаршы әдіс» - А.Н.Тонтаева, Б.М.Тлеубердина, Баянауыл ауданы, №1Майқайың ЖОББМ мұғалімдері; Г.К.Ахметова, «Lesson hook strategies to motivate learning», Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің ағылшын тілі оқытушысы; «How can our students become more independent life-long learners» - А.А.Акопян, Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің ағылшын тілі оқытушысы; «Рефлексия» - Е.С.Рахманбергенова, Павлодар қ. №3 № мектебінің ағылшын тілі мұғалімі.
Колледж оқытушылары шет тілін оқытудың интереактивті әдістерін пайдалану бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Tecknologic веб-сайты туралы толық ақпарат берілді - онда Microsoft®️ Office®️ бағдарламасын сыныпта қолданудың тиімді әдістері туралы көптеген ақпаратты табуға болатын айтылды. Аталған сайт білім беру бағдарламаларын жеңіл және қарапайым қолданудағы тепе-теңдікті сақтай отыра, оқыту тәжірибесінде көптеген білім беру технологияларын қолдануға мүмкіндік береді.
Мұғалімдер сайтта ақысыз жүктеуге, мәтінді қосуға және сабақта қолдануға болатын ойын шаблондарының, тапсырмалар мен PowerPoint, Excel жүктеулерінің толық жиынтығы ұсынылғанына қызығушылық танытты. Сонымен қатар ағылшын тілі сабақтарында ауызша сөйлеуді дамыту үшін «Topic talk» және «Tic Tac Toe» сияқты шаблондарды пайдалануға болады. Тест жасау үшін «Word Jumble», «Target Language» шаблондарын қолдануға болады. Бұл біз үшін сандық сауалнаманы ұйымдастыруға және ағылшын тілі пәнінде ғана емес, сонымен қатар басқа да пәндер бойынша білімді тексеріп, бақылауға байланысты көптеген мәселелерді шешетін керемет веб-сайт.
Колледж оқытушыларының жұмыс тәжірибесі әріптестерінің қызығушылығын тудырды. Семинардың барлық материалдары мен ұсыныстары практикада қолдану үшін облыс мектептеріне жіберілді.