ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ

ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ

"Елбасы медалі" - жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. Ол 7 негізгі бағыттан тұрады: спорт, таланттар мен дағдылар, кітап оқу, Ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы.
Бағдарламаға 14-29 жас аралығындағы жас қазақстандықтар қатысады. Қазіргі уақытта жоба 11 мыңнан астам қатысушыны, 600 тәлімгерді, 17 өңірлік үйлестірушілер мен сарапшыларды қамтиды. "Елбасы медалі"бағдарламасына қатысушыларды марапаттау жөніндегі комиссия. Комиссия бағдарламаны іске асыру нәтижелерін қарап, қола деңгейіндегі бағдарламаны аяқтаған тағы 2 535 адамды марапаттауға ұсынды.
"Елбасы медалі" жобасына қатысушылардың бірі Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының "№1 Арнайы мектеп-интернаты" КММ 8 сынып оқушысы Ефимова Екатерина болып табылады. Екатерина жобаға Құдайбергенова Мукадас Досхожаевнаның тәлімгерлігімен қатысты.
Катя жобаға жауапкершілікпен қарады. Барлық тапсырмаларды дұрыс орындады, өзінің шығармашылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсетті, өзін-өзі дамытумен және өзін-өзі жетілдірумен айналысты. Жобаның арқасында Екатерина тәуелсіз тұлға болып өсіп, сурет салуда жетістікке жете алды.
Екатеринаны лайықты медальмен құттықтаймыз! Жеткен жетістіктермен тоқтап қалмай, үнемі алға жылжу, кез келген шыңдары бағындыруға тілектеспіз. Бұл жеңіс әлі алда келе жатқан көптеген жеңістердің бірі болсын!