«Әжелер мектебі» ашылды

«Әжелер мектебі» ашылды

Ұрпақ тәрбиесі қазіргі таңда ең маңызды мәселенің бірі болып отыр. Осыған байланысты Майқарағай орта мектебінің ұстаздар қауымы тың ізденістер жасап, ұрпақ тәрбиесін, әсіресе қыз тәрбиесін алдыңғы орынға қойып, ата-ананың сенімінен шығуға тырысуда. Оның бір айқын дәлелі - 8-Наурыз Халықаралық Әйелдер күні қарсаңында Майқарағай жалпы орта білім беру мектебінде «Ғибрат» атты әжелер мектебінің ашылуы.
Абайдай дана тәрбиелеген Зередей Зерделі әжелердің ұрпақ тәрбиесінде рөлі өте жоғары. Мектептің мақсаты - әжелердің өнегелі өмірін үлгі ете отырып, балаларды өмірге үйрету, мектептегі қыз балаларды қазақтың ұлттық салт-дәстүріне баулу, туған жерін, елін, шаңырағын ардақтайтын тәрбиелі қыз, төзімді ана, қайратты жан болуға, әсіресе, бұрымды қыздарымызды үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге тәрбиелеу. Сондықтан қыздарымызға ақыл-кеңесімізбен, үлгілі өнерімізбен өнеге көрсете отырып, сұрақтарына жауап беріп, ата дәстүрді сақтау сынды асыл қасиеттерді бойларына сіңіруге барынша тырысу.