Павлодар оқушыларының Халықаралық ғылыми жобалар конкурсындағы жеңістері

Павлодар оқушыларының Халықаралық ғылыми жобалар конкурсындағы жеңістері

Ө. Жолдасбеков атындағы XІ Халықаралық конкурсы 2021 жылғы 1-3 наурызда қашықтан форматта ZOOM платформасында өткізілді.
Конкурстың негізгі мақсаты – математика және механика саласына қызығушылық танытқан оқушыларды анықтау. Шараға Қазақстанның барлық аймақтарынан 200 оқушы ғылыми жобаларын ұсынды, сонымен қатар Индонезия, Түркия, Франция, Тәжікістан және Қырғызстан мемлекеттерінен қатысушы болды.
Павлодар облысының командасы республикалық ғылыми жобалар конкурсы облыстық және қорытынды кезеңдерінің 14 жеңімпазы мен жүлдегерінен құрастырылды.
Конкурс қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломға – дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 11 сынып оқушысы Искаков Баязет (секция – механика); ІІ дәрежелі дипломға – облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 9 сынып оқушылары Айткерей Гульназ, Карпенова Дана (секция – экономика), Абай атындағы дарынды балаларға арналған гимназиясының 10, 11 сынып оқушылары Сапарбекова Амина, Юсупова Дильназ (секция - қолданбалы математика); ІІІ дәрежелі дипломға – облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 11 сынып оқушылары Абдуалиева Дарига (секция – экономика), Темиртасова Айгерим (секция – математика), Екібастұз қ. дарынды балаларға арналған №1 лицей-мектебінің 10 сынып оқушылары Линник Дарья, Крючков Владислав, Павлодар қ. Кенжекөл ЖОББМ 10 сынып оқушысы Алпамыс Маджида.