Павлодар өңірінің зияткерлік әлеуеті

Павлодар өңірінің зияткерлік әлеуеті

Жалпы білім беретін жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 16 пән бойынша оқушылардың жылсайынғы облыстық олимпиадасы 2021 жылғы 22-26 ақпан аралығында онлайн режимде 9-11 сынып оқушыларының арасында өткізілді.
Олимпиадаға 3 қала, 10 аудан және 13 мамандандырылған білім беру ұйымдарынан 26 команда құрамында 730 оқушы қатысты. Сан жағынан қыруар командалар дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінен (46 оқушы), дарынды балаларға арналған №3 гимназиясынан (46 оқушы), Павлодар қаласының мектептерінен (54 оқушы) ұсынылды. Аудандар арасынан ең көп қатысушы Павлодар (29 оқушы) және Ертіс (27 оқушы) аудандарынан болды.
Пәндер бойынша ең көп қатысушы келесі пәндерде болды: ағылшын тілі – 67, география – 65, Қазақстан тарихы - 63 .
Олимпиада қорытындысында І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен 325 қатысушы марапатталды, оның ішінде 68 оқушы – І орынға, 92 оқушы –ІІ орынға, 165 оқушы – ІІІ орынға ие болды.