АӘжТД ұйымдастырушы-оқытушыларына арналған онлайн форматтағы курстар

АӘжТД ұйымдастырушы-оқытушыларына арналған онлайн форматтағы курстар

2021 жылғы 22-26 ақпан аралығында «Орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнін оқытудың ұйымдастырушылық-мазмұндық аспектілері» тақырыбы бойынша АӘжТД оқытушы-ұйымдастырушылары үшін онлайн форматта қысқа мерзімді курстар өтті. Курсқа барлығы 25 тыңдаушы қатысты. Курстарды Павлодар облысының Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ ұйымдастырды.
Бұл курстар алғашқы әскери және технологиялық дайындықты ұйымдастырушы оқытушылардың кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған. Курстың негізгі мазмұнын тәжірибелі педагог-практик Аленов Темирбулат Мусабекович, запастағы подполковник, «Павлодар облысы білім беру басқармасы «Аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығы» КММ бөлім басшысы жүргізді, ол көптеген жылдар бойы филиалмен бірге қызмет істеп келеді.
Курс барысында тыңдаушылар білім беру мазмұнын жаңарту және білім беру нәтижелерін бағалаудың жаңа жүйесі жағдайында әскери іс негіздерін оқыту мәселелері бойынша толық ақпарат алды.