VIII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

VIII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

26 ақпан 2021 жылы жалпы орта білім беретін мектептердің 10-11 сынып оқушылары мен колледж студенттері арасында қашықтықтан «Жеке тұлғаның және қоғамның шығармашылық әлеутін дамыту» атты шет тілінде VIII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді.
Конференция ұйымдастырушысы - Павлодар облысының білім беру басқармасы.
Конференция жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттерін ғылыми-зерттеушілік жұмыстарына тарту, қызығушылықтарын арттыру және студенттерді кәсіби дайындауда өзара байланыс шеңберін кеңейтуге негізделген.
Конференция жұмысы үш секциялық бағытта өтті. Секция модератолары:
«Лингвистика» секциясы – ф.ғ.к. Торайғыров Университетінің профессоры Саурбаев Ришат Журкенович, ф.ғ.к. Павлодар педагогикалық университетінің профессоры Кулахметова Мергул Сабитовна, American Corner Pavlodar орталығы координаторы Сульбаев Тимур Кабдоллаевич, Лавуазье атындағы зерттеу орталығының ғылыми қызметкері және Қазақстандағы тілдерді оқыту зерттеушісі Леора Эйзенберг, Торайғыров Университеті колледжінің ағылшын тілі оқытушысы Жанзакова Гульмира Зинатовна.
«Елтану» секциясы - ф.ғ.к. Павлодар педагогикалық университетінің доценті Ныгметова Бибигуль Джамбуловна, гуманитарлық ғылымдар магистрі, Павлодар педагогикалық университетінің Білім беру бағдарламасының жетекшісі Жолдабаева Алия Садуовна, Екібастұз политтехникалық колледжінің ағылшын тілі пәні оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Джунусбекова Эльмира Аширбаевна, Павлодар қаласы №19 ЖББОМ ағылшын тілі пәні мұғалімі Серимбаева Дана Толеубаевна, Торайғыров Университетінің магистранты Авраам Салако.
«Шетел тілі оқыту әдістемесі» секциясы - ф.ғ.к., Инновациялық Еуразия университетінің профессоры Хамитова Гульмира Абуовна, Торайғыров Университетінің профессоры Ахметбекова Асел Мейрамовна, Павлодар гуманитарлық-педагогикалық колледжінің шет тілі пәнінің оқытушысы Матвеенко Ирина Владимировна, Стенфорд университеті гуманитарлық ғылымдар магистрі Стюарт Мак Лаглин, Ақсу қара металлургия колледжінің ағылшын тілі пәні оқытушысы Ракулова Зарина Агнаевна.
Конференцияға Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасының жалпы орта білім беретін мекемелерінің 10-11 сынып оқушылары мен колледж студенттері қатысты.
Конференция қатысушылары мемлекеттік, ағылшын және неміс тілдерінде жұмыстарын қорғады.
Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді, жеңімпаздар 1, 2 және 3дәрежелі дипломдармен марапатталды. Конференция қорытындысы бойынша келесі қатысушылар жеңімпаз атанды:
I Секция. Лингвистика
1 орын: Манякина Янина, Могилёв қ. №46 мектеп, Нуралиева Жансая, Елубаева Раушан Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжі.
2 орын: Аскарова Динара Семей қ. М.О.Ауэзов атындағы педагогикалық колледжі, Соколова Ирина Павлодар мұнай және газ колледжі, Биғазы Алуа Б.Момышұлы атындағы орта мектеп, Тимохина Елена Павлодар гуманитарлық-педагогикалық колледжі.
3 орын: Айгазинова Адель Павлодар гуманитарлық-педагогикалық колледжі, Рысқали Данара Инновациялық көпсалалы жоғары колледжі, Дегтярёва Полина № 39 орта мектебі, Сабантаев Алтемир Павлодар қ. №3 гимназия.
ІІ Секция. Елтану
1 орын: Уатханова Анель Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі, Глаголев Кирилл Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжі.
2 орын: Хамза Жадыра Нұр-Сұлтан қ. педагогикалық колледжі, Амирова Алинура Павлодар қ. №8 лицейі, Кабышева Томирис Ақпараттық технологиялар колледжі.
3 орын: Шаудырова Гүлдерай Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Манғыстау гуманитарлық колледжі, Жұмашова Алтынай Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі, Маданиев Данат, Солтанбекова Айгерим Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжі, Асарбаев Меирлан Облыстық мамандырылған әскери мектеп интернат.
IIІ Секция. «Шетел тілін оқыту әдістемесі»
1 орын: Абдулина Карина Павлодар қ. №3 гимназия.
2 орын: Алтайбек Анель Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі, Темербаева Карина Инновациялық Еуразия университетінің Жоғары колледжі, Иржанова Алсу Қостанай педагогикалық колледжі, Қабылбек Аружан Жоғары инновациялық көпсалалы жоғары колледжі.
3 орын: Смағұл Бибінұр, Каиргельдина Лаура Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжі, Ерланова Жулдызай Актөбе гуманитарлық колледжі, Петухова Евгения Могилев қ. №42 мектеп-балабақша, Толеген Аида Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжі.