Ertis жоғары инновациялық аграрлық колледжі халықаралық ынтымақтастық бағдарламасын кеңейтуде

Ertis жоғары инновациялық аграрлық колледжі халықаралық ынтымақтастық бағдарламасын кеңейтуде

Жақын арада Столыпин атындағы Омбы мемлекеттік аграрлық университеті оқу орнының серіктесі болады. Кемеңгер колледжі мен Ресей ЖОО арасындағы байланысты нығайтудағы алғашқы қадамды ОМАУ-нен директордың өндірістік-оқу ісі жөніндегі орынбасары Олеся Захарченконың жасады. Ол колледжге келіп, басшылармен және педагогтармен кездесті, AgroErtis ветеринарлық-зертханалық кешені мен құзыреттілік орталығын аралап көрді, сонымен қатар зоотехника мен микробиология негіздерін оқыту әдістері бойынша біліктілікті арттыру үшін шағын тағылымдамадан өтті. Олеся Захарченко-біздің жерлесіміз және бұрынғы отандасымыз, сондықтан ол колледждің дәстүрлері мен тарихымен жақсы таныс, түлектердің дайындық деңгейі туралы естіген.
- Әрине, біздің колледж үшін әріптестермен, ірі оқу орындарымен үнемі байланыста болу маңызды, тіпті карантиндік шектеулер кезеңінде де біз тәжірибе, білім, оқыту технологиялары өзара алмасудан қалмауға тырысамыз, онлайн - форматтарды пайдаланамыз, - дейді Ertis колледжінің директоры Айгүл Байжуманова. - Алдағы уақытта біздің Столыпин атындағы Омбы мемлекеттік аграрлық университетімен ынтымақтастық бағдарламамыз егжей-тегжейлі пысықталатын болады, біз меморандумға қол қоюды жоспарлап отырмыз, біздің студенттер мен оқытушылардың Омбыда және бізден тағылымдамадан өту нұсқаларын ойластырудамыз.
Айта кетейік, Ресей ЖОО-да ветеринария, агрономия, агроинженерия, азық-түлік өндірісі және т.б. салалар бойынша мамандар даярланады. Мұнда өзіндік оқу шаруашылығы бар, алайда университет өкілі Ertis колледжінің материалдық-техникалық базасына, оның зертханалық кешендеріне және студенттер оқитын жабдықтарға таң қалды.