Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы 2021 жылғы 29 қаңтар күні «Өздігінен білім алу мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін арттыру құралы ретінде» тақырыбында Жас педагог мектебінің отырысын өткізді.
Сабақтың мақсаты мен міндеттері: жас мұғалімдерде өздігінен үздіксіз білім алу қажеттілігін қалыптастыру, өз қызметінде педагогика ғылымының жетістіктері мен озық педагогикалық тәжірибеге сүйене отырып педагогтерге көмектесу, идеяларды оқу-тәрбие ісіне шығармашылықпен енгізу; шығармашылық қызметтің жеке стилін қалыптастыруға ықпал ету.
Жас педагог мектебінің жетекшісі Н.Н. Жолдыбаева педагогтердің өздігінен білім алуының заманауи ұйымы ретінде желілік педагогикалық қоғамдастық туралы айтып, педагогтің кәсіби құзыреттілігін үнемі арттыру қажеттілігіне дәлелдер келтірді.
Павлодар қ. дарынды балаларға арналған №3 мектеп-гимназиясының орыс тілі және әдебиеті мұғалімі, 6, 8, 11 сыныптарға арналған 2016-шы және 2020 жылғы «Орыс тілі» оқу-әдістемелік кешенінің авторы М.В. Валова мұғалімнің өздігінен білім алу үдерісін ұйымдастыру бойынша жұмыс тәжірибесін ұсынды.
Екібастұз қ. С. Торайғыров атындағы №22 мектеп-гимназиясының қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі К. А. Сейтова «Өзгелерді табысты оқыту үшін оқу» тақырыбында өзін-өзі дамытуға байланысты өз тәжірибесімен таныстырды.
Жас педагогтер саналы өзіндік танымдық қызмет арқылы кәсіби өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі жетілдіруге ынталандырылды, практикада қолдану үшін педагогтің өзін-өзі тәрбиелеуді ұйымдастыру технологиясымен танысты.