Жас мұғалімдерге арналған семинар

Жас мұғалімдерге арналған семинар

Мұғалімдердің біліктілігін арттыруға бағытталған «Бірге оқимыз» педагогикалық жобасы аясында Екібастұз қаласының білім бөлімі No26 мектеп-гимназиясының ұжымымен жас мұғалімдерге арналған онлайн-семинар өткізді. Тренингтің мақсаты - жас мұғалімдердің оқу үдерісінде оқытудың белсенді әдістерін қолдануға деген ынтасын арттыру.
Гимназия мектебінде жеті жас маман жұмыс істейді, олардың әрқайсысына тәлімгер бекітілген. Педагог тәлімгерлер жинақталған тәжірибелерімен басқа мектептердегі әріптестерімен бөлісті. Жас мамандарға инновациялық технологияларды қолдануға арналған идеялар ұсынылды, сыныптағы бағалаудың тиімді түрлері атап өтілді, оқушыларды шығармашылық ізденіске тарту тәсілдері де ашылды, ата-аналар мен жас мамандардың кері байланысын ұйымдастырудың тиімді түрі көрсетілді.
Семинарға қатысушылар ұйымдастырушыларға ұсынылған тақырыптардың өзектілігі үшін, көптеген сұрақтарына жауап алу мүмкіндігі үшін ризашылықтарын білдірді.