Павлодар облысында ҰБТ-2021 басталды

Павлодар облысында ҰБТ-2021 басталды

       

     Бүгін еліміздің барлық өңірінде Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Республика бойынша барлығы 143 тестілеу өткізу пунктінде 1 230 аудитория жұмыс істейді. Ал Павлодар облысында тестілеуге қатысушылар 7 тестілеу өткізу пунктіндегі 54 аудиторияда тест тапсырады.

     Өңірімізде ҰБТ 20-31 қаңтар аралығында өтеді. Жалпы 3371 өтініш берілді, оның 3348 мектеп бітірушілірі.

    Қаңтар айындағы ҰБТ коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның келісімімен өтіп жатыр. Карантинге байланысты түлектер тестілеуді бірнеше лек бойынша тапсырады.

     Коронавирустық инфекцияның таралу қаупін азайту мақсатында ҰБТ өткізу кезінде санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен әлеуметтік арақашықтық қатаң сақталатын болады. Тестілеу барысында қатысушылар арасында кемінде 2 метр қашықтық қамтамасыз етіліп, аудиториялардағы адамдардың саны 50%-ға қысқартылды.