Мектептегі тәлімгерлік

Мектептегі тәлімгерлік

Павлодар облысы педагогтерінің қауымдастығы Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының басшылығымен 2021 жылғы 15 қаңтар күні «Тиімді менторинг. Тәлімгерлік» семинарын өткізді.
Бұл іс-шараның мақсаты облыс мектептерінде тәлімгерліктің өзекті мәселелерін айқындау болды.
Іс-шара диалогтік алаң форматында ұйымдастырылды, онда жүйелі тәлімгерлік жұмысының тиімділігі, мәселелері және оларды шешу жолдары талқыланды.
Железин ауданы Т.П. Праслов атындағы Прииртышск жалпы білім беретін орта мектебінің педагог-зерттеушісі В.В. Аксенюк баяндамасында тәлімгерлік мәселелері бойынша нормативтік құжаттамаға шолу жасады. Павлодар қ. №26 ЖОББМ педагог - зерттеушісі А.Н. Хованова жас мамандармен жұмыс түрлері туралы айтып берді. Павлодар қ. ХББ НЗМ директорының оқу - тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары И. М. Бабич Назарбаев Зияткерлік мектептерінде тәлімгерлікті жүзеге асыру тәжірибесін ұсынды. Тереңкөл ауданы Бобров ЖОББМ директоры М.В. Подолец тәлімгерлікті кадрлық әлеуетті дамытудың тиімді құралы ретінде ұсынды.
Қатысушыларға практикалық сипаттағы сұрақтарға жауаптар, алдағы жұмыс үшін ұсынымдар берілді. Педагогтер аталған іс-шарада қозғалған мәселелердің өзектілігін атап өтті.